- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Хан екеуміз сағына...
“Хан екеуміз сағына күткен жан...“ Жұлдыз Әбдікәрімова кімді күтіп жүр?
Қайрат Нұртастың бұрынғы әйелі, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ұлымен бірге асыға күткен адам туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Қайырлы таң! Хан екеуміз сағына күткен жан келе жатыр. Ханның сағынғаны сонша, отыра алмай, ары-бері тоқтаусыз жүріп, терезеге телмірді де тұрды", - деген актриса ұлының әуежай терезесінде біреуді асыға күткен видеосын жариялады.
Сөйтсе, екеуінің күтіп жүрген қонағы Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы екен.
"Жаз бойы Алматыда, шалының қасында болған анашымды әбден сағындық. Бека апамызды аман-есен күтіп алдық. Қыздар мен келгенде бұлай еркелемейтін. Бека апасы келіп бөпе болып жатыр. Хан апасының қасынан бір елі ажырамай жатыр", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева