Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Бақытгүл Хаменованың Атыраудағы тойға баруы пробация қызметімен келісілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымжан Қойгелдиевтің cөзінше, сотталған адамға қатысты жазасын өтеуді кейінге қалдыру шарты қолданылса, оған той сияқты шараларға баруға тыйым салынбайды.
"Бақытгүл Хаменоваға қатысты айтар болсақ, оған үш жылға жазаны өтеуді кейінге қалдыру шарты қолданылған. Мұндай жағдайда іс-шараларға қатысуға тыйым салынбайды. Ол пробация қызметінен рұқсат алған", - деді ол Сенат дәлізінде.
Айта кетейік, бұған дейін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Бақытгүл Хаменова Атырауда тойға барған видеоға қатысты пікір білдірді.
Еске салайық, 2022 жылы 15 қарашада Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!