ХАМАС өкілдері екі тұтқынды өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Видео түрлі палестиналық арнада пайда болған. Желіде тараған видеода тізерлеп тұрған екі ер адамның басына оқ атылғанын көруге болады. Видеоның рас-өтірігі әлі анықталмаған.
Бұған дейін ХАМАС өкілдері Газа секторында қанша инфрақұрылымға оқ атылса, сонша тұтқынды өлтіретіндерін мәлімдеген болатын.
ХАМАС басшылығының мүшесі Али Барак Израильдегі операция бір жыл бойы жоспарланғанын, 2 мыңға жуық адам қатысқанын айтқан. Сонымен қатар, Али Барак операцияны дайындауға Иран көмектесті деген ақпаратты жоққы шығарып, бұл АҚШ-тың Израиль мен Сауд Арабиясы арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру жөніндегі күш-жігерін бұзуға бағытталғанын айтқан. Бұл туралы "Страна.ua" Telegram-арнасында жазды.
Израильдегі музыка фестивалінде 260 адам өлі табылды - БАҚ
Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.
Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.
Израиль Ливанға қарсы соққы жасады
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!