- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Халықтың пікірін де...
"Халықтың пікірін де сұрамады". Алматылықтар жол ақысының қымбаттауын қалай қабылдады?
Алматы тұрғындары жол ақысының қымбаттауын әртүрлі әлеуеметтік желіде қызу талқылап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың айтуынша, жол ақысы қымбаттағанымен, жалақы өзгеріссіз қалған. Оның үстіне Алматыдағы автобустардың қызмет сапасы нашар: кондиционерлер істемейді, ерте тоқтайды.
"Жалақы да 11 жылдан бері өзгермей келеді ғой", "Барлық мемлекеттік қызметкерді қызметтік көліктен автобусқа ауыстыру керек. Бұл да бюджетке келетін шығынды азайтады", "Үндістанға ұқсап бара жатқан сияқтымыз! Онда тек байлар (біздің үкімет) және тек кедейлер (бұл біз) бар", "Ал жалақыны ешкім көтергісі келмей ме?", "Барлығы халықтың ақшасынан жасалып жатыр, ал халықтың пікірін де сұрамады!", "Ал автобустардың жалпы ахуалы қашан жақсарады? Кондиционер барлық жерде жұмыс істей бермейді. Астанадағыдай қоғамдық көлік қозғалысын сағат 00:00-ге дейін ұзарту қажет", "Кондиционерлер жоқ және автобустар лас. Не үшін төлейміз? Қызмет сапасы нашар", "Халық үндемесе, билік те оларды салықтармен, айыппұлдармен тұншықтыра береді – бұл саясаттың заңы" деп жазып жатыр алматылықтар.
Еске салайық, мұның алдында Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге арналған жаңа тарифтер бекітілгенін хабарлаған едік. Енді Алматыда "Оңай" картасымен немесе QR-код арқылы төлеген кезде жол жүру құны 100 теңге болады, яғни 20 теңгеге артады. Қолма-қол ақшамен төлеген кезде жол жүру үштен біріне - 150 теңгеден 200 теңгеге дейін артады.
"Қазіргі тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді, өйткені жол жүрудің нақты құны бекітілгеннен 3 есе қымбат. Осыған байланысты әкімдік ай сайын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялар түрінде жабады. 2020-2022 жылдар аралығында төленген субсидиялар сомасы 115,8 миллиард теңге болды", - деп нақтылады Асқар Амрин.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан