Халықтың несиесін кешіру мүмкін бе? Экономист жауап берді

Халықтың несиесін кешіру мүмкін бе? Экономист жауап берді
Фото: Видео кадры

Белгілі экономист Мақсат Халық "Ой-ЛАЙЫҚ" Youtube-арнасына берген сұхбатында халықтың несиесін кешіру экономикаға қалай әсер ететінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол несиені кешіру дұрыс емес екенін жеткізді.

"Халықтың несиесі кешірілетін болса, экономика заңдары бұзылады. Онда несиесін 15 жыл бойы қиналып төлеп жүрген адамдар ақымақ бола ма? Онда олар қандай мемлекетте өмір сүріп жатқандай болады? Телефон алу үшін, той жасау үшін несие алған адамдардың қарызы кешіріле салса, бұл қаншалық әділетті болады. Бұл қоғамның заңдылық реттілігін бұзады. Мен халықтың табысын арттыру керек деп ойлаймын. Халықтың табысын арттыру қажет, халыққа дұрыс жұмыс орнын ұсыну қажет. Ал бұл кәсіпкерлердің қолынан келеді, халықтың ұлттық буржуазиясы. Егер осы жолмен әрекет ететін болсақ, елімізді жаңа деңгейге көтере аламыз. Халықтың табысы көп болса, несиесін де оңай төлейді, балаларын қосымша курстарға беруге де мүмкіндігі болады. Сонда ғана біз білікті, білімді маман дайындаймыз.
Сонымен қатар халықтың табысының жоғары болуы отандық кәсіпкерлердің де жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді. Өйткені жалақысы жоғарылаған азаматтар сол кәсіпкерлердің өнімін тұтынады. Бәрі бір-бірімен байланысты", - деді экономист.

Еске салайық, бұған дейін несиесін жаба алмаған адам не істеу керегі хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә