«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру жалғасып жатыр

Облыстың 7 ауданында — Қобда, Мәртөк, Ойыл, Ырғыз, Қарғалы, Әйтеке би және Байғанин аудандарында жұмыс жасалды.

10 жұмыс күні ішінде өткен 584 түрлі шара 33 мыңнан астам ауыл тұрғынын қамтыды.  2 мыңға жуық адамға түрлі көмек көрсетілді.

«Еңбек келісімшарты — қызметкер кепілі» жобасы белсенді насихатталды. Жоба аясында 100-ден астам еңбек келісімшарты жасалды.

«Жақыныңа жәрдемдес» қайырымдылық акциясы аясында 53 тұрғынға материалдық көмек берілді. Жекелей айтсақ, Әйтеке би ауданында аз қамтылған отбасыларға қайтарымсыз отын мен шөп түсірілді. Мәртөк ауданында әлеуметтік дүкен ашылды, ол жерде 16 аз қамтылған отбасыға балалар киімдері, аяқ киімдер және ойыншықтар табысталды. Осындай акция апта сайын өткізілетін болады. Сондай-ақ, Мәртөктің өзінде көпбалалы отбасыға үйіне газ жүргізу үшін демеушілік жасалды. Ауыл тұрғындарына атаулы көмек олардың әлеуметтік проблемаларын шешу мақсатында беріледі.

Мәртөк, Ойыл және Әйтеке би аудандарында он күн ішінде 4 жұмыссыз жұмысқа орналасып, 35 адамға жұмысқа орналасуға жолдама берілді, 577 қызметкерге өздерінің еңбек құқықтары түсіндірілді.

Үй аралау кезінде 129 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылды. 7 мүгедекке көмек көрсетілді. Жекелей айтсақ, олардың ішінде ІІ топтағы біреуіне есту аппараты табысталды.

Облыстың үздік дәрігерлері алдынан 2687 тұрғын медициналық тексеруден өтті, оның 217-сіне облыстық мамандандырылған медициналық мекемелерге толық емдеу курсынан өтуге жолдама берілді. Жылжымалы стоматологиялық кешен 196 адамды тексеріп, оның 65-іне ем жүргізілді. Алдын ала тексеру мың жарым оқушыны қамтып, 151-і сауықтыру үшін есепке алынды. Аудандық аураханада жетекші дәрігерлердің қатысуымен 9 хирургиялық ота жасалды. Мысалы, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Ойыл ауданында 1-8 жас аралығындағы 4 балаға түрлі деңгейдегі хирургиялық ота жасады. Қазіргі таңда балалар үйлеріне шығарылды.

Жұмыс тобы сарапшылары ауылдық жерлерде бизнес ортаны дамыту жөнінде шаралар қабылдады. Айталық, Ойыл, Әйтеке би және Байғанин аудандарында 2080 тұрғынға бизнестің әліппесі мен оны қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндірілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына көңіл бөлінді. Мысалы, «Маяк» кемпингіне «Бизнестің жол картасы-2020» аясында 2034 метрлік газ құбырын жүргізуге көмек берілуде. «Молдахмет» шаруа қожалығының иелігіндегі 60 ірі қараға  (субсидия сомасы 1 080 000)толық алынбаған субсидия сомасының (540 мың тг) төленуіне ықпал етті. Ал Ерболат» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 3,7 миллион теңге қаражат алуға келісімшарт жасады. «Аграрлық несие корпорациясы» несиелеу бағдарламасы бойынша 9 жобаға 74,3 млн теңге бөлінді. Жалпы сомасы 188 млн теңге болатын 20 жоба қарастырылуға берілді. «КазАгроҚаржы» 2 жоба бойынша 11,1 млн теңге бөлді. Жалпы сомасы 17 млн теңге болатын екі жоба қарастырылуға тапсырылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 15 жоба бойынша 29 млн теңге берді. Жалпы сомасы 19,5 млн теңге болатын 8 жоба қарастырылу үстінде.

Өткізілген тренингтер нәтижесінде 65 ауыл әкімі кәсіпкерлік сабақтарында тұрғындарды ынталандыру  тәсілдерін үйренді. Сәйкесінше алған білім деңгейлері тест бойынша анықталды.

Теологтар, имамдар және басқа да сарапшылар тобы кеңейтілген жұмыс барысында ауыл тұрғындарымен жекелей және топтық кездесулер, оның ішінде, дәстүрлі емес діни ағымға өтіп кеткендермен кездесулер өткізді. Оларға экстремизм мен терроризм үшін жауапкершілігі туралы құқық нормалары түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді.

Халықтың түрлі топтарында профилактикалық ықпалы бар. Қазіргі таңда 1,1 мың оқушы, ата-ана мен педагогқа қоғамның негізгі құндылықтары, дәстүріміз бен Қазақстан халқының бірлігі, сондай-ақ, радикализм мен дәстүрлі емес дін оқыту қаупі түсіндірілді. 500-ден астам полиция қызметкері мен мемлекеттік қызметкер дәстүрлі емес діни ағымдардың құрбандарымен психологиялық жұмыс тәсілдерін меңгерді. Мақсатты жұмалық уағыздар арқылы 2,9 мың адамға алдын алу жұмыстары жүргізілді. Діни адамдар мәселесіне ерекше көңіл бөлініп тұр. 71 ауыл тұрғынына жекелей теологиялық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар ауыл мешіттерінің қызметінде діни адамдардың беделін келушілердің маңызы мен рөлін арттыру, садақаны ашық есептеу арқылы көтеру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудан мен ауыл мешіттері қызметтерін зертеу нәтижесінде Әйтеке би ауданы Белқопа ауылындағы «Құлтас баба» мешіті үлгілі аудан мешіті боп танылды. Мешіт қызметкерлері дін өкілдері мен келушілер арасында «Имамның бір күні» бейнеролигін көрсетіп отырады. Үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Күн сайын жергілікті телеарналарда, әлеуметтік желілерде әлеуметтік және тақырыптық бейнероликтер таратылады.  10 қарашадан бастап мектептер мен колледждерде радикалды діни ағымдардың қауіптілігін айғақтайтын бейнероликтер көрсетіліп жатыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс топтары туралы 96 материал жарияланды.

Экстремистік сарындағы 114 бейнематериал анықталды, осы мазмұнды өшіру туралы меншік иелерімен  әңгімелесулер жүргізіледі немесе бұғатталады. Қобда, Мәртөк және Ойыл аудандарының 1456 тұрғынына «Отау тв» отандық спутниктік телевизиясы таныстырылды. 164 отбасы «Отау тв» желісіне қосылды.

Он күн ішінде Қарғалы, Қобда және Мәртөк ауданының 11,9 мың тұрғынына террорлық акті кезінде немесе қауіп төнген кездегі тәсілдер түсіндірілді.  Оның ішінде 1109-ы оқу орындарының оқытушылары мен оқушылары. Осы мақсатта 7 мың ауыл тұрғыны қоғамдық орындарда тақырыптық инфографика таратты.

22 нысанның антитеррорлық қорғалу бұйымы тексерілді,  антитеррорлық оқу-жаттығу барысында 12 нысанда мамандар төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер жасап, оның ішінде, «терактіні» болдырмай, қауіпті сейілтті.

Шұғыл алдын алу шаралары жүргізіле береді.

Айталық, «Қару»шұғыл-алдын алу шаралары акциясы аясында 380 азаматтық қарудың иесі тексерілді. Заңбұзушылықтарға қатысты 17 әкімшілік хаттама толтырылды. «Учаске» акциясы аясында 880 үй иесі тексерілді. 24 әкімшілік хаттама толтырылды. «Мигрант» шарасы аясында 500 тұлға тексеріліп, 16 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан басқа шараларды құқық қорғау блогына қатысты мәселелер қамтыды.  Жекелей айтсақ, Ырғыз, Қарғалы және Қобда аудандарында 4 командалық-штабтық жаттығу мен 6 нұсқаушылық және тәжірибелік сабақтар өткізілді. Аудандардағы шұғыл штабтарға олардың төнген қауіпке әрекет ету кезіндегі дайындықтарын пысықтау жөнінде тәжірибелік және әдістемелік көмек берілді. Осындай шараларға 1,1 мың адам қатысты.

Экстремизм мен терроризмді қаржыландыруға жол бермеуге бағытталған шаралар да жүргізіліп жатыр. Бұл салада Қобда, Мәртөк және Ойыл аудандарында 352 жергілікті тұрғын мен кәсіпкерге салық заңнамасының 2017 жылдың қаңтарынан бастап енгізіліп жатқан жаңалықтары түсіндірілді. Шараға тұрғын үйді жалға беретін 7 адам, «Халал» тамақтану пунктінің бір адамы, мобильді телефондар сатумен айналысатын 38 адам (оның бірі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген) мен жеке жүк тасумен айналысатын 33 адам (7-уі жеке кәсіпкер ретінде есепте тұр) қатысты.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру жалғасып жатыр.

 Ақтөбе облысының прокуратурасы.

aktobegazeti.kz