- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Халықтың қаражатын қоспай,...
"Халықтың қаражатын қоспай, бес отбасыға баспана сыйлағым келеді". Ырысбала Икрамбай күтпеген жаңалығын айтты
Танымал блогер, қайырымдылықпен айналысып, халықтың ықыласына бөленген Ырысбала Икрамбай бес отбасына өз қаржысынан баспана сыйлайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл баспаналар Түркістан облысы Шардара ауылынан беріледі.
"Әкем өмірден өткенде 360 мыңдай ма қарызы болды. Сол қарызды осы Шардара ауылының азаматтары бірігіп жауып берген болатын. Ол кезде біз кішкентаймыз, анам жалғыз өзі болды. Соны көрдік қой біз. Сол кезде "ертең мен жетілемін, папамның өзі айтқандай, папамның қызы боламын, сол кезде кім бізге жақсылық жасайды, соның бәрін жақсылықпен қайтарамын" дедім. Қазір енді ауыл азаматтарына барып, қайсыңыз қанша қостыңыз деп сұрайтындай емес, бірақ кіндігіміздің қаны тамған жер - осы жер. Әкемнің де туған жері - осы жер. Ешқандай халықтың қаражатын қоспай, бес шын мұқтаж отбасыға баспана сыйлағым келеді. Ең бірінші әкемнің атынан, одан кейін анамның ғұмыры ұзақ болсыншы (деп анасының атынан - еск.), одан кейін үш балапаным, солардың атынан", - дейді Ырысбала Икрамбай.
Блогердің сөзінше, бірінші баспана алты балалы отбасыға бұйырған.
"Жұдырықтай ғана жүрекке барлығын сыйғызамыз, кейде тегін мейірімділікті сыйғыза алмай жатамыз…. Өлсем орным қара жер сыз болмай ма. Жақсының аты өлмейді. Мәңгілік мекенге тек өзімізбен сауапты ісімізді алып кетеміз, артымыздан тек салихалы ұрпағымыздың амалы ғана барып тұрады", - деп жазды блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары блогердің мәрт көңіліне, қайырымды ісіне шын көңілден риза болды.
"Жаным сол! Ниетіңе жет! Алла жақсылығы мен мол сауабын үйіп берсін!", "Жәні жанатта болсын әкеңіздің", "Аллам ниетіңізге берсін", "Ниет қабыл болсын. Сағыныш басылмайды екен...", "Жүрегім езіліп кетті ғой", - деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін де Ырысбала Икрамбай өз атынан мұқтаж отбасыға 10 миллион теңге берген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова