Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Massaget TV YouTube арнасына берген эксклюзив сұхбатында банк саласындағы монополиядан құтылу үшін Үкімет пен Парламент қандай батыл қадамдар жасауы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттың сөзінше, бұл банктердің барлығы бұрынғы президент Назарбаевтың айналасындағы азаматтарға тиесілі.
"30 жыл ішінде бұл банктер конкуренция жасамауы үшін шетелден банктерді кіргізбеген. Содан кейін Қазақстанның ішінде процентін биіктетіп, халықты сүліктей сорып отырған", - деді ол.
Ерлан Саиров банк саласындағы негізгі үш проблеманы атады.
"Бірінші - процент жоғары болуы. Екінші - капиталдың жеке адамдардың қолында шоғырлануы. Үшіншісі - банк саласында бәсекелестік жоқтығы, мұнай саласындағы сияқты бүкіл пайда олигархтардың қалтасына кетіп жатуы", - дейді Саиров.
Депутаттың пайымдауынша, бұл мәселелерді шешу жолы мынадай:
Қазіргі биліктің менеджерлік қабілеті ел экономикасын "голландиялық дерттен" шығара ала ма? Отыз жыл бойы қалыптасқан олигархтық экономика моделінен құтылу жолдары қандай?
Осы және өзге де сұрақтарға депутат Massaget TV YouTube арнасына берген сұхбатында жауап берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!