- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Халықты алдап отыр"....
"Халықты алдап отыр". Дархан Жолшыбектің анасы оның некесіз баласына қатысты жауап берді
Блогер Дархан Жолшыбектің некесіз баласына қатысты жезқазғандық Айдана Сапарбекова тағы да "Көреміз" бағдарламасына келді. Бұл іске қатысты блогердің анасы өз шындығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогердің анасы Шамшат Сатжанова Айдана Сапарбекованы танымайтынын және халықты алдап жүргенін айтты.
"Айдана деген қыз ел алдына шығып, баламды қаралап отыр. Мен бұл қызды танымаймын. Кездескен де емеспіз. "Анасымен кездестім" деп өтірік айтып отыр. Маған әпкесі келіп, мән-жайды айтты. Ұрыс шығарып, жанжалдасып қалдық. Балам андай сөз айтса, мен не дейін енді? Бала ауырмайды, сап-сау ғой, көріп отырмыз ғой. Бірақ қыздың өзін көрмедім. Осы уақытқа дейін ұлым бәрін өзі шешіп келді, әрі қарай да өзі шешеді. Жасы - 25-те", – деп ашуланды блогердің анасы Шамшат Сатжанова.
Баланың диагнозына қатысты логопед-маман белгілері бойынша рас екенін анықтады.
"Балаға эхолалия диагнозы қойылған. Яғни, бала сіздің не айтып жатқаныңызды түсінбейді. Миының дамуы тежелген. Сырттағы сөз бен дыбысты жаңғырық секілді қабылдайды. Сұраққа сұрақпен жауап береді. Оған дефектологпен шұғыл жұмыс істеуі керек. Баланың еміне айына 300 мың теңгедей керек. Алты айда емдеуге болады. Емделмесе, аутизмге ұласып кетуі мүмкін", – деді логопед-дефектолог Қаламқас Асқарқызы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы