Халықты адастырушылар әлем назарында. Газлайтинг - 2022 жылдың сөзі

Халықты адастырушылар әлем назарында. Газлайтинг - 2022 жылдың сөзі
Фото: © rudall30

Газлайтинг америкалық Merriam Webster сөздігінің нұсқасы бойынша 2022 жылдың сөзі болып танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл жалған ақпарат пен фейк дәуірінде: қастандық теориялары, Твиттердегі тролльдер және deepfake - газлайтинг біздің заманымыздың сөзіне айналды", - деп атап өтті сөздік құрастырушылары.

Біздің тілмен айтқанда, газлайтинг - әлдекімді жалған сөзбен адастырудың дөрекі жолы, әсіресе өз пайдасын ойлап жасаған әрекет.

Мысалы, биыл бұл сөзді іздеу жүйелерінен теріп, сұраныс білдіргендер саны бірден 1740 пайызға артқан. Бұл сөздің тарихына үңілсек, ол алғаш рет 1938 жылғы пьесадан, оған сүйеніп жазылған кітаптан кездеседі. Туындының сюжеті бойынша, ер адам өз әйелін есінен адасқанына сендірмек болады. Ол үйінде әлдеқандай бір әрекетпен жарықты сөндіреді екен де, әйелінің әрекетіне бақылау жасайды. Егер жарық сөнгеніне қандай да бір реакция білдірсе, жарық өшкені туралы ақпаратты өздігінен дұрыс қабылдай алмайды деп жалған тұжырым жасайды.


© lifehacker.ru

Ғылымда газлайтинг анықтамасы мынадай: адамды психологиялық манипуляциялау жолы, әдетте ұзақ уақыт бойы жүргізілетін әрекет жәбірленушіні өз ойларының дұрыстығына, шындықты немесе естеліктерді қабылдауға күмән туғызады және әдетте шатасуға, сенімділік пен өзін-өзі бағалауды жоғалтуға, эмоционалды тәжірибелеріне сенбеуге әкеледі. Мұнда зардап шегушінің психикалық тұрақтылығы жоғалып, қылмыскерге тәуелді екенін сезіндіру - басты мақсат.
 
Бірақ бүгінгі таңда бұл сөздің ауқымы кеңейіп, Интернет заманында фейк жаңалықтар, дипфейк арқылы қазіргі заманғы алдау мен манипуляция жасауға өткен.

Осылайша, алдын ала арам пиғылды мақсат қоя отырып, әлдекімді немесе көпшілікті жалған сөзге сендіру әрекетіне газлайтинг дәлме-дәл келген сипаттама болып қалыптасты.

Бұл тұста биылғы сөзді қарапайым өтірікпен немесе алаяқтықпен шатастырмауымыз маңызды. Өтірік жеке адамдар арасында, ал алаяқтықта ұйымдар көзге көрінсе, газлайтингте жеке де, саяси да мәселе аясында қолданылады.


© bobrlife.by

Газлайтингке түрлі мысал келтіре кеткен сөздік құрастырушылары бұл сөз неге маңызды бола қалғанына мынадай жауап айтады:

"Кейінгі жылдары адастыру үшін қолданылатын арналар мен технологиялардың көбеюімен газлайтинг алдауды сипаттайтын сүйікті терминге айналды. Сондықтан (бізге сеніңіз!) ол біздің нұсқа бойынша жыл сөзі ретінде танылды".

Сонымен қатар,  Merriam Webster жыл сөзі ретінде мынадай сөздерді де ұсынған:

Олигарх

Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін елдер, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбритания, ресейлік олигархтар мен олардың отбасыларына қарсы санкциялар енгізді. Олигарх сөзін іздеу 2022 жылдың наурыз айының басында 621%-ға өскен.

Грек тілінен аударғанда "олигархия" сөзбе-сөз "азшылықтың билігі" дегенді білдіреді. Ағылшын тілінде бұл сөздің де мағынасы болуы мүмкін, бірақ ол Ресейге және Кеңес Одағының орнын басқан басқа елдерге де тән мағынаға ие.

Сөздік анықтамасы бойынша, олигарх - мемлекеттік активтерді жеке сатып алу арқылы асыра байлық жинаған, әсіресе шетелдік шоттар мен мүліктерде сақталатын және әдетте жоғары мемлекеттік топтармен тығыз байланыста болатын адамдар класының бірі.

Омикрон

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID вирусының нұсқаларына сілтеме жасау үшін грек әріптерін (альфа, бета, гамма, дельта) пайдаланады. 2021 жылдың қарашасында ол вирустың ең соңғы нұсқасын атау үшін грек алфавитінің 15-әрпі омикронды қолданды. Бұл нұсқа 2022 жылы COVID-тің ең көп таралған түрлерінің біріне айналды.

Іздеу сұрауларының айтарлықтай өсуі қаңтар айының басында және қарашада омикронды күшейткіш вакцина ескі вакциналарға қарағанда айтарлықтай тиімдірек емес деген есептерден кейін жағдайлардың өсуімен қатар жүрді.

Кодификациялау (193%), ЛГБТКИА (1178%), ақылды (480%), рейд (970%) сөздері де көп ізделген екен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай