Халықтан ақша жинап, мұқтаж жандарға үй салып беріп жүрген жігіттер күтпеген жерден көзіне жас алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде "Халық баласы" атымен танылған блогер мұқтаж жандарға арналған үйдің құрылысымен айналысатын жігітке умраға жолдама сыйлады. Күтпеген тосынсый қатты әсер еткен болуы керек, еріксіз көзіне жас алды.
"Негізі қатты барғым келетін, бірақ қалтамда ақшам жоқ қой деп ойладым. Жоспарды қалтаңа қарап құрмау керек екен", - деп ағынан жарылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!