Халықпен кездесулер үнемі өткізіліп тұрады - Алматы әкімі

Халықпен кездесулер үнемі өткізіліп тұрады - Алматы әкімі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Биыл 4-ші тоқсанда Алматы әкімінің халықпен кездесу форматы өзгерді. Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев ОКҚ-де өткен брифингкте журналистердің сұрағына жауап берді.

Оның айтуынша, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында және ҚР Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын орындау мақсатында тоқсан сайын Алматы әкімінің қаланың сегіз ауданының әрқайсысымен кемінде бір көшпелі кездесуі өткізіледі.

Үш тоқсан бойы халықпен кездесулер акт залдарында өткізілді. Соңғы айларда Алматы әкімдігі гибридті форматқа көшті.

"Кездесулердің форматы өзгерді. Мен аудандарға шыға бастадым. Барлық 8 ауданды араладым, проблемалық учаскелерде болдым. Меніңше, мұндай схема тұрғындар үшін де ыңғайлы, біз сол жерде шешім қабылдай аламыз.Жалпы биыл 8 аудан бойынша 32 кездесу өткіздім", - деді Ерболат Досаев.

Алматы қаласы әкімдігі ұсынған материал

Massaget.kz