- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Халыққа пранк екенін...
"Халыққа пранк екенін айтуды ұмыттым". Әнші Kalifarniya сахнаға әйелі мен ұлын алып шыққан кезін еске алды
Kalifarniya лақап атымен танылған Фархат Қалиев алғаш концерт берген кезде, жары мен ұлын сахнаға шығарып халыққа не себепті пранк жасағанын айтты. Бұл туралы өнер иесі Қызық times бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, сахнада халықтың қолдауын сезіну үшін, өзінің танымалдылығын арттыру үшін осы әрекетке барғанын жеткізді.
"Бұлай сахнаға халыққа пранк жасап, 2022 жылы мамыр айында осылай әйеліммен ұлым деп сахнаға алып шықтым. Ол кезде Анель екеуміз жүріп бастаған кезіміз. Мен Анельге ескертпегенмін. Анель менімен жүріп жүреді, сахнада кезінде ол осы жағдайды көріп шок болады. Негізі бұл пранк еді", - дейді әнші.
Әнші концерт кезінде қатты қобалжып сондықтан халықты жоғалтып алмау үшін осындай әрекетке барғанын жеткізді.
"Бұл сценарийдан тыс жағдай болды. Менің алғашқы концертім болғандықтан мен ол жерде қатты қобалжыдым. Концерттің бірінші бөлігінде мен халықты ұстай алмай, шашылып кетті. Өз-өздерімен әңгіме айтып, мен одан ары қобылжып, дірілдедім. Сахнадан шығып кеттім, екінші бөлігін жалғастыратын кезде, сахна сыртында киім ауыстырып жүргенде менің командам маған концерттің бірінші бөлігінде кеткен қателікті ұмыттырып жіберу үшін сахнаға әйелім мен ұлым деп таныстырып алып шығу керек болды. Жарайды деп сахнаға шықтым. Ол жерде ұстап тұрған қыз бен ұл біздің досымыз ғой. Сахнада оларды таныстырғаннан кейін мен халыққа пранк деп айтуды ұмытып кеттім. Анельге оны айтып түсіндіргенде жоқпын, бірақ қасындағы құрбылары оған бұл пранк деп түсіндіріп жатқанын естідім. Бұл жағдайдан кейін өтірік айтпау керектігін түсіндім. Соның салдары әлі тиіп келеді. Менің бұрын ешқандай да әйелім, ұлым болмаған. Біріншісі Анель",- дейді Фархат Қалиев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Е. Ерболұлы