Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркиядан елге қайтарылды

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркиядан елге қайтарылды
Фото: ҚМА

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Интерпол ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген The Finiko құрылымдық бөлімшесінің басшысын Түркиядан елге қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында The Finiko ешқандай нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызмет жүргізбегені анықталған. Бұрынғы қатысушыларға төлем жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен берілген.

Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс туғызып, азаматтардың қаражатын одан әрі заңсыз схемаға тартуға мүмкіндік берген.

"Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден аса қаражаты тартылған. Сонымен қатар, соталды тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget