Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстан шекарасында ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 28 ақпанда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің "Сортөбе" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен Мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болған халықаралық іздеудегі ҚР азаматын ұстады.
Ұсталған ер адам процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!