Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған 24 жастағы қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күдікті ҚР ІІМ Интерполының сұрауымен Ресейдің Новосибирск қаласында ұсталған. 

"Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған", - делінген хабарламада.

фото: polisia.kz

Күдікті қазір қамауда отыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!