Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық елге экстрадицияланды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықты шетелден елге жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 2 қазанда күдікті ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен Астанаға жеткізілген.

Тергеу дерегіне сәйкес, ер адам аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Ол 2021 жылдан бері сот төрелігінен жасырынып жүрген.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!