Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Жамбыл облысында ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Жамбыл облысында ұсталды
Фото: depositphotos.com

Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ерлі-зайыпты ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайы Жамбыл облысының аумағында құрықталған.

"Күдіктілер сенімге кіріп, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендер ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget