- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Халықаралық волонтерлар форумына...
Халықаралық волонтерлар форумына қатысушылар саладағы проблемаларды шешу жолын ұсынды
Халықаралық волонтерлар форумының қатысушылары мен қонақтары халықаралық волонтерлықты даму маңызын талқылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада 20 маусымда Халықаралық волонтерлер форумы аясында "Халықаралық волонтерлық бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер" сессиясы өтті. Сессия аясында ірі шетелдік ұйымдардың өкілдері: АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атқарушы хатшысының орынбасары Дәурен Абаев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, UNFPA өкілділігінің басшысы, Түрікменстан мен Қырғызстандағы еларалық директоры Ронни Линдстром, БҰҰЕ аймақтық маманы Эмилия Асадова, Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы әйелдер кәсіпкерлігі бойынша маман, Финляндия Катариина Йарви, Түркі Мемлекеттері Ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев және басқалар сөз сөйледі.
Пікірталас барысында форум қатысушылары халықаралық волонтерлықты дамуы, оның практикалық тәсілдері мен халықаралық волонтерлық бастамаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.
Сарапшылар халықаралық волонтерлықтың белсенді дамуын атап өтті. Мәселен, БҰҰ даму бағдарламасымен жұмыс аясында 7 қазақстандық волонтер Иордания, Кения, Тайланд пен Түркиядағы БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында жұмыс істеді. Жүргізілген жұмыс біздің елге волонтерлық қызмет саласында әлемдік оң тәжірибені енгізуге мүмкіндік берді.
Қазақстан мен Ресейдің волонтерлық ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен Волонтерлық кеңестің халықаралық ынтымақтастығы дамуда. Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ Еріктілер бағдарламасы бірлесіп Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзінде айтылған "Волонтерларды жұмылдырудың халықаралық жылын" жариялау туралы бастамасын ілгерілету бойынша Жол картасының жобасы әзірленді. Бұл бастама түрлі халықаралық диалог алаңдарында, атап айтқанда Ресей, Тайланд, Қытай мен Түркияда өткізілген іс-шаралар аясында талқыланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан