Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына қанша теңге көлемінде сыйақы беріледі?

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына қанша теңге көлемінде сыйақы беріледі?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстан халықаралық олимпиада жеңімпаздарын мемлекеттік деңгейде қолдау шараларын күшейтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы ақшалай сыйақы төленіп келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

"Алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК-ке дейін, күміс медаль иегерлеріне 1000 АЕК-ке дейін, қола медаль иегерлеріне 500 АЕК-ке дейін біржолғы сыйақы төленеді. Мемлекеттік қолдау тек оқушыларға емес, оларды даярлаған педагогтерге де көрсетіледі", - деді ол.

Оның сөзінше, 2025 жылы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен оларды даярлаған педагогтерге жалпы сомасы 101,7 млн теңге көлемінде біржолғы мемлекеттік сыйақы төленген. Сонымен қатар, халықаралық олимпиада жеңімпаздары еліміздің жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім гранты негізінде білім алу, "Болашақ" халықаралық стипендиясы арқылы шетелде оқу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ, биылдан бастап халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен оларды дайындаған педагогтерге біржолғы ақшалай сыйақы төлеу тетігі енгізілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget