- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Халықаралық жасыл технологиялар...
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының төрағасы сотталды
2024 жылғы 2 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ бұрынғы басқарма төрағасы Олжас Ағабековке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 миллион теңгеге ақша қаражатын жымқырғаны, көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 миллион теңге мөлшерінде пара алғаны, сондай-ақ жалпы сомасы 8,2 миллион теңгеге басшы құрамға заңсыз сыйақы бергені үшін сотталды.
Ағабековке мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша экология және табиғи ресурстар вице-министрі толық емес қызметтік сәйкестік түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан