- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Халық партиясы Мәжіліс...
Халық партиясы Мәжіліс депутаттарының кандидатурасын бекітті
Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде Саяси бюроның кезектен тыс отырысы өтті. Басқосу барысында партиялық тізім бойынша VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланған кандидаттарға депутаттық мандат бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кандидатуралар алқа талдауына түсіп, ұзақ талқыланды", – деді ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.
Саяси бюро мүшелері депутаттық топ құрамын жасақтауға қатысты шешім қабылдаған кезде әйелдер мен жастарға және мүгедектігі бар азаматтарға бөлінген міндетті квотаны ерекше назарда ұстады.
Нәтижесінде Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен ұсынылған тәжірибелі саясаткерлер Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова, көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі Гаухар Танашева, Паралимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы Кенжеғұл Сейітжан және жастар квотасы бойынша Ислам Сұңқар сияқты кандидаттар мандатқа ие болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан