Халық қолдаса, жаңа Конституция қашан күшіне енеді?

Жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес жаңа Конституция референдумда мақұлданса, оның қабылданған күні мемлекеттік мереке болып бекітіледі.

Сондай-ақ, жаңа Конституция қабылданған жағдайда Қазақстанның қазіргі Парламенті 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жұмыс істейтіні айтылған.

Референдум қашан өтеді?

Еске салайық, 2026 жылы 11 ақпанда Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды.

Кейін Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. 

Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!