Әнші Жігер Ауыпбаев "Таңшолпан" бағдарламасында жаңа телехикаяға түсіп, жағымсыз кейіпкерді сомдайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жігер Ауыпбаев отандық "Бақыттың кілті" телехикаясына Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскенін айтты. Бұл - әнші үшін сериалдағы алғашқы ролі. Ол "Бақыттың кілті" телехикаясында Төлеутайдың ролін сомдайды.
"Халық жек көріп кетпесе екен. Жағымсыз кейіпкерді сомдаймын. Ол да керек. Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарымның бірі. Еліміздің басты арналарының бірінен көрсетілетін телехикая болғандықтан, оған шақырту алудың өзі мен үшін үлкен мәртебе болды. Сондықтан берілген рольге ешқандай қарсылық танытпай, келісе кеттім", - деді ол бағдарламада.