- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Халық челлендж жасап...
"Халық челлендж жасап қойыпты". Мәдина Сәдуақасова Желіні шулатқан аяқкиімі туралы айтты
Фото:
Instagram
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова "Түнгі студия" бағдарламасында Желіні шулатқан аяқкиімі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, халық әзілдеп, челлендж жасап кеткен.
"Мюллиді күшті қылып алдым, соңғы коллекция, Givenchy, киген кезде ыңғайлы, былай қараған кезде сәнді. Бірақ халық галошпен суретке түсіп, "Мәдина Сәдуақасованікіндей" деп, челлендж жасап қойыпты", - деді әнші бағдарлама барысында.
Еске салайық, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова ерекше аяқкиімін көрсеткен еді. Бұл аяқкиім бағасы теңгеге шаққанда 462 000 теңге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова