- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Халық азық түлікті...
"Халық азық түлікті несиеге алуға мәжбүр". Саиров кедейлер мәселесін көтерді
Бүгінде жоқшылықтың өтіп кеткен адамдар тамақты несиеге алып жүр. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров олардың мүддесін қорғау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бюджетте кедейшілікпен күрес мәселесі әлсіз қарастырылған. Бүгінде Қазақстанда 1 миллион 16 мың адам ресми түрде кедей болып тіркелген. Жоқшылықтың өтіп кеткені соншалық адамдар нан, макарон, ет алу алу үшін кредит алуға мәжбүр. Бүгін бюджетте жағдайы нашар азаматтар үшін 12,4 миллиард теңге болатын 9 мың грант қана бөлінген. Енді осы 1 миллион адамға 9 мың грантпен кімнің жамауын жамаймыз? Бұқара халықтың жаппай кедейленуі өте қауіпті. Бұл тенденция қазір жалғасып жатыр.
Сондықтан кедейшіліктен зардап шегіп отырған адамдарға бюджетте арзандатылған микрокредиттер желісін ұйымдастырып, бизнес дағды қалыптастырып, бұл азаматтарды экономикалық айналымға қосу өте маңызды. Бұл мәселе бюджетте қарастырылмаған", - деді Ерлан Саиров Мәжілістің жалпы отырысында.
Депутат премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованы бұл мәселеге назар аударуды сұрады.
"Үкімет жанынан кедейшілікке қарсы ұлттық іс-қимыл комиссиясын құрып, бюджеттің халықты жаппай кедейлік проблемасын шешуге бұру керек. Бұл мәселе Тамара Қасымқызына айтылған. Бірақ мәселе әлі шешілмелі. Комиссия қашан құрылады? Кедейлердің мүддесін қашан қорғаймыз? Әлде істің насырға шапқанын күтеміз бе?", - деді ол.
Вице-премьер мәселеге қатысты ресми ақпарат жиналғанын, алдағы уақытта талқылаға салынатынын жеткізді.
"Үкімет жанынан халықтың табысын арттыру бойынша жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына ҰЭМ, АШМ, депутаттар мен мемлекеттік орган мүшелері кірді. Осы орталық офис негізінде 2 228 ауылдың жағдайын қарап шықтық. Кедейлік деңгейі мен жұмыспен қамту сараланды. Қазір сол материалдар келіп түсті. Орталық офис оны нақтылап жатыр. Айдың соңына қарай өздеріңіз бен мәслихат депутаттардың қатысуымен мәселені талқылаймыз", - деді Тамара Дүйсенова.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек