Алматы метросында әуежайға дейін созылатын тағы сегіз станция іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы жобаның техникалық құжатында бейнеленген.
Айта кетейік, жаңа станциялар "Жібек Жолы" станциясының жанында, Назарбаев даңғылының шығысында, Орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында, Құмай көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолы қиылысында, "Халық Арена" спорт кешенінің жанында, "Шығыс" көлік ауыстырып міну торабы аумағында, "Жетісу" базарына қарама-қарсы бетінде, "Апорт-2" сауда ойын-сауық орталығы мен автосалонның жанында, Нұршашқан ықшамауданының маңында және әуежайдың жанында болады.
Екі жолақты желінің жалпы ұзындығы 14 шақырымға созылады.
Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 2025 жылдың қыркүйегіне дейін байқау жарияланғанын еске саламыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!