Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов тұрғындарды эвакуациялау қалай жүріп жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, қала тұрғындарын толықтай эвакуациялау туралы жергілікті халық арасында түсініспеушілік туындаған.
"Қазіргі уақытта тек су басу қаупі бар шағынаудандардың тұрғындары ғана эвакуацияланады. Бүгін әкімдік Жем өзенінің арналарын тазартуға айтарлықтай күш салды. Ол су деңгейінің төмендеуіне оң әсерін тигізеді.
Мен сенімін жоғалтпай, жағаны бекіту жұмыстарын жұмыла жасап жатқан Құлсары халқына алғысымды білдіремін! Жағдайдың қиындығына қарамастан, халықты үрейге ерік бермеуге шақырамын. Туындаған келеңсіздіктерді мейлінше азайтып, сүйікті қаламыздың әр тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барымызды саламыз", - дейді әкім.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!