- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Халық 50 мың...
"Халық 50 мың теңге төлеуге дайын емес". Дастан Оразбеков қазақстандық әншілер неге көп концерт өткізбейтінін айтты
Орда тобының мүшесі, әнші Дастан Оразбеков тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында отандық әншілер не себепті жеке ән кешін өткізбейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дастан Оразбеков қазақстандық әншілерге жеке ән кешін өткізу қалтаға шығын екенін айтады. Ол шетелдік шоу-бизнес өкілдері біздің елде концерт өткізер болса онда олардың билет құны қымбат екенін жеткізді. Сондықтан отандық әншілер ән кешін жиі өткізе бермейді және табыс таппайды екен.
"Отандық әншілер үшін қарапайым халық қомақты сома төлеуге дайын емес. Концерт көру үшін бір орынды 50 мың теңгеге сатып алмайды. Менің концертімде ең жоғары баға ол 17 мың теңге, яғни 5 мың теңгеден басталып 17 мың теңгеге дейін. Ал шетел әншілерінің бағасы мүлде басқаша. Оларда керісінше, 15 мыңнан басталып 50 мыңға дейін барады. Егер олай концерт өткізер болсаң әрине, табыс табуға болады",- дейді әнші.
Одан өзге әнші сұхбат барысында өзінің жеке ән кешін өткізуге 57 миллион теңге жұмсағанын айтты.
Айта кетейік, әнші Дастан Оразбеков 19 ақпанда Алматы қаласында жеке концертін өткізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы