NCD Risk Factor Collaboration және Our World in Data деректері бойынша семіздіктен зардап шегетін елдер тізімі пайда болды. Бұл туралы Daily Mail жазды.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Тынық мұхитындағы Науру аралының халқы артық салмақтан зардап шегетіндер арасында көш бастап тұр. Бұл елде тұрғындардың 88,5% -ы артық салмақтан зардап шегеді.
Рейтингте екінші орында Палау аралы, бұл елде адамдардың 85,1% -ы артық салмақпен ауырады. Келесі орындарда Кук, Тувалу және Маршалл аралдары. Бұл елдерде семіздік деңгейі – 84,7%, 83,5% және 81,9% құрайды.
Ал керісінше әлемдегі халқы арық елдер тізімін Вьетнам елі бастап тұр. Бұл елде тұрғындардың тек 18,3% -ында ғана артық салмақ бар. Одан кейінгі орындарда Үндістан (19,7%), Бангладеш (20%), Эфиопия (20,9%) және Непал (21%) тұр.
Қазақстанда артық салмақтан зардап шегітіндер 1975 жылы 31,3 пайыз болса, бұл көрсеткіш 2016 жыл 53,6 %-ға дейін өскен.
Халқы артық салмақтан зардап шегетін елдер:
1. Науру - 88,5%
2. Палау - 85,1%
3. Кук аралы— 84,7%
4. Маршалл аралдары - 83,5%
5. Тувалу - 81,9%
6. Ниуэ - 80,0%
7. Кирибати — 78,7%
8. Тонга — 78,5%
9. Самоа - 77,6%
10. Микронезия - 75,9%
Халқы ең арық елдер:
1. Вьетнам - 18,3 пайыз
2. Үндістан - 19,7 %
3. Бангладеш - 20,0%
4. Эфиопия - 20,9 %
5. Непал - 21,0%
6. Тимор - 21,6 %
7. Камбоджа - 21,7%
8. Эритрея - 22%
9. Нигер - 22%
10. Бурунди - 22,2%