- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Халал затты қалай...
"Халал затты қалай харам қылып жатсыздар?" Желі қолданушысы қымыздың құрамына күмәнмен қарады
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Instagram парақшасында қазір қымыздың құрамы күмәнді екенін айтып, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бүгінде халал сусын харамға айналған.
"Ауылдың қызымыз ғой. Баяғыдан ауылда өсіп келе жатырмыз. Атқа мініп, шұбат ішіп, қымыз ішіп жүрген қыздардың біріміз. Бірақ қазір бір жерге қымыз ішуге барасың ғой, "ол қымыз ілмейді ғой" дейді. Қалай сонда? Қалай ілмейді ғой? Ол не әңгіме? Қымыз дайындап жатқан адамдар ішіне бірдеңе қосып жатқан жоқсыздар ма? Неге ішкен адам қуып кетеді? Халал затты қалай харам қылып жатсыздар? Жылқы жеті қазынаның бірі емес пе?! Содан шыққан қымызды, қасиетті ақ затты қандай мақсатта пайдаланып жатсыздар немесе қандай мақсатта ішесіздер? ...Қазір ішуге ұяласың", - дейді видеода ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары да бұл пікірді растап, қымыздың құрамын тексеру керек екенін айтады.
"Дұрыс. Тексеру керек!", "Білмеймін, ішіп алып құлап жатырмыз", "Тексеру керек. Бутылкадағы қымыз іштен едім, кәдімгідей буындарды босатып тастады", "Мен Жанаарқаның тумасымын, Алматыда ауылдағыдай қымыз жоқ", - дейді олар.
Еске салайық, бұған дейін дәрігер қымыздың денсаулыққа 12 пайдасын атады.
Қымыз алкотест нәтижесіне әсер ете ме?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова