Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен екі тұрғынның орналасқан жері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 қарашада Есіл ауданының полиция бөлімінен ер адам көмек сұрады. Ол полиция қызметкерлеріне өзімен бірге тұратын әйелі хабарсыз кеткенін айтып, іздеуге жәрдемдесуді өтінген.
Әйел 6 қарашада үйден белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.
Сондай-ақ 22 қарашада полицияға Атбасар ауданының тұрғыны ағасының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. 8 қарашада ол өзінің пәтерінен сыртқа шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткен.
Полиция қызметкерлері жоғалған адамдардың екеуінің де орналасқан жерін анықтады.
Ақмола облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын өздерінің жоспары туралы әрқашан туыстары мен жақындарына хабарлап отыруға үндеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз