ХІІ Ұлттық Дельфий ойындары мәресіне жетті, марапаттау рәсімі Ақмола облысы Степногорск қаласының «Горняк» мәдениет үйінде өтті.
Дельфий ойындарын өткізудегі басты мақсат – талантты жастарды насихаттау, мәдени әлеуетті сақтап, дамыту, мәдениет пен өнердің озық үлгілерінде тәрбиелеу, жастар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейлерін арттыру.
Үш күн бойы өзара сынға түсіп, 500 үміткердің ішінен үздік деп танылғандар 17 аталым бойынша марапатталды. Жарыс нәтижесі мынадай:
«Фортепиано» номинациясы бойынша Шыңғыс Русин (Степногорск);
«Заманауи би» номинациясы бойынша "Flash" (Шығыс Қазақстан облысы);
«Сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша (үлкен топ) Өтеген Аслан (Орал қаласы), (кіші топ) Думан Мақсатова (Орал қаласы);
«Прима-Қобыз» номинациясы бойынша Мансия Жақыпбай (Ақтөбе облысы);
«Қыл-қобыз» номинациясы бойынша Рақымжан Нұрлыханов (ОҚО);
«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Нуралина Асем (Ақтөбе облысы);
«Эстрадалық ән айту» номинациясы бойынша Айгерім Русланқызы;
«Халық әнін орындау» номинациясы бойынша (кіші топ) Сағындық Жанқожа (Ақтөбе облысы), (үлкен топ) Ақжол Өсербай;
«Академиялық ән айту» номинациясы бойынша (кіші топ) Ибрахим Амин (Жамбыл облысы), (үлкен топ) Сұлтан Бақытжан (Жамбыл облысы);
«Халық биі» номинациясы бойынша (кіші топ) «Назерке» би тобы, (үлкен топ) «Қаракөз»;
«Киім дизайны» номинациясы бойынша Әсел Кемельбаева (Астана қаласы);
«Театр» номинациясы бойынша «Шабыт» театры (Астана қаласы);
«Баян/аккардеон» номинациясы бойынша (кіші топ) Мадияр Абай (Павлодар облысы), (үлкен топ) Жансая Пірназарова (Қызылорда облысы);
«Фотография» номинациясы бойынша (үлкен топ) Мейірбек Тажкуранов (Батыс Қазақстан облысы), (кіші топ) Жанна Галиева (Ақмола облысы);
«Қысқаметражды кино, бейнероликтер» номинациясы бойынша Қуанышбек Жанабаев (Маңғыстау облысы);
«Домбыра» номинациясы бойынша (кіші топ) Арман Сәрсенбаев (Атырау облысы), (үлкен топ) Дастан Ибрагимов (ОҚО) жеңіс тұғырынан көрінді.
Парадельфий фестивалінде 86 өнерпаз бағын сынады
«Ым-ишарат тілінде ән айту» номинациясы бойынша Сағи Мұхамбет (Қызылорда облысы);
«Хореография» номинациясы бойынша "Sensitive" хореографиялық ансамблі (Петропавловск қаласы) жеңіске жетті.
Байқаудың тарихына көз жүгіртсек, Дельфилік ойындар біздің эрамызға дейін, 582 жылы Овидия және Плутарха заманында басталған. Бұл ежелгі ұлы антикалық бәйгелердің шығу тегі мен дамуына анық жауап жоқ, дегенмен, 1600 жыл бұрын бұл ойынның өткізілуіне тыйым салынған. Жүздеген жылдарды артқа тастап, ежелгі дәстүр жаңарып, ойын қайта Грекия мемлекетінде өте бастады.
Дельфий ойындарының жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфилік кеңес құрылған кезде басталды. 19 елдің өкілі Берлин штаб-пәтерінде халықаралық үкіметтік емес ұйым ашуды шешті. Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елінде ұлттық Дельфилік кеңестер құрылды. Ал, 2000 жылы 27 мемлекеттің өкілі қатысуымен Мәскеу қаласында бірінші Бүкіләлемдік Дельфий ойындары өтті. Ол ойында 18 аталым бойынша 938 адам бағын сынады. 2005 жылы маусым айында Қазақстанның Дельфилік комитеті заңды тіркеуден өтті.Бүгінгі таңда Дельфилік ойындар өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор шара.