- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ғылыми дәлелденген жапон...
"Ғылыми дәлелденген жапон әдісі". Баланы тез ұйықтату жолы айтылды
Жылап жатқан баланы тез тыныштандырудың әдісі табылды. Жапониялық зерттеушілер "5 және 8" әдісі баланы тез тыныштандыруға таптырмас әдіс екеніне сенімді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұл ғылыми дәлелденген әдіс. Тәжірибеге жас аналар қатысқан және нәтижесі жақсы болған.
Бұл қандай әдіс?
Ең алдымен баланы алып, кемінде бес минут артық қимыл жасамай тербетіңіз. Осы кезде бала ұйықтап қалуы мүмкін. Сосын отырып, баланы төсекке жатқызардан бұрын тағы 8 минуттай ұстап отырыңыз.
Бала ұйықтағаннан кейін 8 минут ұстап отырмай, бірден төсекке жатқыза салуға болмайды. Себебі, зерттеушілердің сөзінше, бұл жағдайда бала ары қарай ұйықтамай қоюы мүмкін.
"Бұл баланы ұйықтатудағы негізгі шарт", - деп түсіндірді Сайтамадағы зерттеу орталығының дәрігері Куми Курода.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина