- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғылыми атағы бар...
Ғылыми атағы бар білікті оқытушылар жалақысы көп орындарға ауысып жатыр - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университет ғылымын және ғылыми инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне баса назар аудару қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Соңғы жылдары ғылым және орта білім саласында табысты реформалар жасалды. Бірақ тың өзгерістер жоғары оқу орындарынан кадрлардың кетуіне әкеп соқтырды. Ғылыми атағы бар білікті оқытушылар жалақысы көп мектептерге және ғылыми ұйымдарға ауыса бастады.
Бүгінде университет профессорлары мен оқытушылары арасында ғылыми атағы бар мамандардың үлесі 40 пайыздан сәл асады. Бұл үрдіс докторант пен магистрант қана емес, бакалавр даярлаудың сапасына да кері әсер етеді. Құзырлы министрлікке нақты шара қабылдауды тапсырамын.
Жалпы университеттегі кадр тапшылығы ғылыми жұмыстардың деңгейіне теріс ықпал етіп отыр. Жоғары оқу орындарындағы ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасау көрсеткіші өте төмен. Яғни 100 балдық жүйенің бір баллынан да аспайды", - деді Президент.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова