Гвинея-Бисау президентінің ресми сапары: полиция алматылықтарға ескерту жасады

Гвинея-Бисау президентінің ресми сапары: полиция алматылықтарға ескерту жасады
Фото: yandex.ru

Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Гвинея-Бисау Республикасының президенті Умара Эмбалоның 2024 жылғы 19-20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына ресми сапары кезеңінде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылады.

Жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейтіні белгілі болды.

"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан