Гвардейск гарнизонында ажал құшқан сарбаз: рота командирі сот алдында жауап береді

Гвардейск гарнизонында ажал құшқан сарбаз: рота командирі сот алдында жауап береді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Бас әскери прокуратура Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің рота командиріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Тергеу мәліметі бойынша оның қызметке салғырт қарауы салдарынан мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің рота командирінің қызметке салғырт қарауы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталған.

"Тергеу барысында лауазымды тұлғаның жеке құрам қызметін және әскери қызметшілердің қару қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар, қаза тапқан сарбаздың қызметтестеріне өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталды. Қысқа мерзім ішінде дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Сарбаздың өліміне қатысты басқа да жайттар тергеліп жатыр, тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, сарбаз биыл 27 қаңтарда Жамбыл облысында қаза тапты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget