- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гурбангулы Бердімұхамедов Астанаға...
Гурбангулы Бердімұхамедов Астанаға келді
Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан астанасына келді.
Әуежайда түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Гурбангулы Бердімұхамедов алғаш рет өткізіліп отырған "ШЫҰ плюс" форматындағы кездесуге қатысады, ол "Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" ұранымен өтеді. Отырысқа байқаушы мемлекеттердің басшылары, құрметті қонақтар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамып жатыр. Транзиттік-көлік саласында бірлескен өзара тиімді жобалар бар, газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша қадамдар белгіленген. Былтырдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі 563 млн. доллар болды, осылайша 2022 жылмен салыстырғанда 28 пайызға ұлғайды. Биыл да оң үрдіс сақталды: 4 айда өзара сауда көлемі өсіп, 167,8 млн. долларға жетті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова