Ғұмар Серғазин қызметінен кетті

Ғұмар Серғазин қызметінен кетті
Фото: gov.kz

Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Ғұмар Серғазин туралы не белгілі?

Ғұмар Серғазин 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында бастаған.

Банк саласында, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика мекемелерінде жұмыс істеп, заңгерден бастап Атом және энергетикалық қадағалау комитеті төрағасының орынбасарына дейін түрлі лауазым атқарған.

2025 жылғы 28 сәуірде Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget