Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова үй тазалап, нәпақасын тауып жүрген қыздарды мақтап, "олар біреудің шаңырағын шайқалтып жүргендерден жақсы" деп салыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гүлзира Айдарбекова үйін тазалауға қыздар шақыртқан.
"Адал жолмен тапқан табыстың жан рахатын сол жолмен жүрген адам ғана бағалай біледі. Ал дайын асқа тік қасық болып, біреудің шаңырағын шайқалтып, көкек болып жүргендер де жоқ емес. Сіз қайсысына мысқылдап қараушы едіңіз?", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Сонымен бірге ол өзінің кезінде базарда жұмыс істегеніне ешқашан өкінбейтінін мәлімдеді. Айдарбекова бұл сөзіне күліп, мысқылмен қарайтындар да бар екенін жасырмады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!