Гүлзира Айдарбекова алаяқтарға алданып қалған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірді

Жақында алаяқтарға қарсы сотта жеңіліс тапқан Жұлдыз Әбдікәрімоваға енесі Гүлзира Айдарбекова үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

Оқиға былай өрбіді: Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың су жаңа көлік алған видеосын жариялап, халықтан сүйінші сұрады. Ал әлеуметтік желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынап, төрт баласының анасы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға көмектесу қажет екенін жазды. 

"Үйін де алып беретін өзі, бағатын да өзі. Алып берілген үй алаяққа кетсе, Жұлдыз да қарап отырған жоқ. Жас емес, ретін іздеп, қайтарып алуға тырысып жатыр. Оған сенің тұмсығың қисаймасын. Ол да өз қатесін жөндеп көрсін. Бәрі де - Қайраттың еңбегімен келген дүние. Сен алып бермейсің ғой, түбі реттейтін де сол бір Қайрат. Көрсін соңына дейін барып, болмаса қарап қалмас", - деп қысқа қайырды Қайрат Нұртастың анасы.

Еске салайық, алаяқтарға алданып қалған Жұлдыз Әбдікәрімова сотта жеңіліс тапса да, өз райынан қайтпайтынын айтқан болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!