Гүлзира Айдарбекова 15 күнде ұлы қанша тойға бара алмағанын есептеп шықты

Гүлзира Айдарбекова 15 күнде ұлы қанша тойға бара алмағанын есептеп шықты
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас 15 күн қамауда болғанда қанша тойға бара алмағанын есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"15 күнде 18 тойын "отмена" жасағанбыз ғой, қаншама концерттерге билет алынған, той иелерінің біразы Қайрат бос күнге туралап қойған ғой, қазір ойланып отырмын да, күлейін бе, жылайын ба деп... Кейбіреулерге түсіндіру қиын ше, бәрі менің қолымда сияқты ше, Гүлзира апай, енді біз ше, не істейміз, той ғой, біздің тойға келсін да, сосын бара салсыншы дегендер болды. Жандарым-ау, бәрі Алланың қалауымен ғана", - деп жазды ол.

Еске салайық, мұның алдында әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шыққанын, оны ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері күтіп алғанын хабарлаған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан