- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гүлнұр Назарбаеваның күйеуі...
Гүлнұр Назарбаеваның күйеуі танымал түрік аспазына қымбат көлік сыйлады
Гүлнұр Назарбаеваның күйеуі танымал түрік аспазына қымбат көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Гүлнұр Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, күйеуі танымал түрік аспазы Бурак Өздемирге Mercedes-Benz S-Class W223 маркалы көлігін мейрамхана ашуының құрметіне сыйлаған.
Фото: instagram.com/gn__queen
Айта кетейік, көліктің қазақстандық нарықтағы бағасы 118 миллион теңге немесе 282 мың доллар.
Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі ретінде танылған Гүлнұр Уахапқызы қызды болғанын хабарлаған едік. Қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен Гүлнұр Уахапқызы - Болат Назарбаевтың үшінші әйелі болған. Қазір ол өзбек кәсіпкері Азиз Ниязовтың жары.
Айта кетейік, Болат Назарбаев пен Гүлнұр Дүйсебаеваның (бұрынғы тегі) некесі 2009 жылғы 25 тамызда Алматы облысы Жамбыл аудандық АХАЖ бөлімінде тіркелген. Неке тіркелгеннен кейін Гүлнұр Дүйсебаева күйеуінің тегін алып, 2018 жылы Гүлнұр Назарбаеваның атына төлқұжат алған.
2021 жылы Болат Назарбаевтың өкілдері Гүлнұрды тегінен айыру бойынша істі Жоғарғы сотқа дейін апарған. Алайда Гүлнұр Назарбаева сот арқылы экс-жұбайының тегін сақтап қалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина