Астанада Гүлмира Сатыбалдының қарамағындағыларға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша адам ұрлау және озбырлық бойынша оның жеке жүргізушісі және оққағары Мәди Батыршаев пен Рашид Өтебеков кінәлі деп танылды.
"Мәди Батыршаев Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігінде көзделген "Күш қолданумен немесе оны қолдану қатерін төндірумен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған іс-әрекет" бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 125-бабы 2-бөлігі 1,8-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Кемеңгер Имашев.
Оған кінәлі деп тану және қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Рашид Өтебеков Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья.
Еске салайық, бұған дейін Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға үкім шығарылғанын хабарлаған едік. Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Прокурор Сатыбалдыны 8 жыл бас бостандығын айыруды сұраған болатын. Жәбірленушілер сотта оларға шамамен 12 миллиард теңге қайтаруды талап етті, олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов пен Айгүл Мекешева бар.
Бұған дейін кінәсін жоққа шығарған Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі өткен отырыста тағылған айыппен ішінара келіскен еді.
Айта кетейік, бұған дейін сотта Гүлмира Сатыбалдының Алматы облысындағы үйі көрсетілген болатын. Ол адам ұрлады және озбырлық жасады деген күдікке ілінді. Сондай-ақ екі бизнесті рейдерлік жолмен басып алғаны айтылды.
Жәбірленуші - Баян Алагөзованың күйеуі. Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа деректер шықты
Еске салайық, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Былтыр 18 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеуді бастағаны туралы мәлімдеді. Кейінірек Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталғаны белгілі болды.
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс: мемлекетке қанша залал келтірілген?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!