Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға үкім шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кінәлі деп тану және қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау", - деді судья Кемеңгер Имашев.
Прокурор Сатыбалдыны 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Жәбірленушілер сотта оларға шамамен 12 миллиард теңге қайтаруды талап етті, олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов пен Айгүл Мекешева бар.
Бұған дейін кінәсін жоққа шығарған Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі өткен отырыста тағылған айыппен ішінара келіскен еді.
Айта кетейік, бұған дейін сотта Гүлмира Сатыбалдының Алматы облысындағы үйі көрсетілген болатын. Ол адам ұрлады және озбырлық жасады деген күдікке ілінді. Сондай-ақ екі бизнесті рейдерлік жолмен басып алғаны айтылды.
Жәбірленуші - Баян Алагөзованың күйеуі. Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа деректер шықты
Еске салайық, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Былтыр 18 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеуді бастағаны туралы мәлімдеді. Кейінірек Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталғаны белгілі болды.
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс: мемлекетке қанша залал келтірілген?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!