- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гүлмира Сатыбалдыға сот...
Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот Сатыбалды Гүлмираны Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша "Заңсыз бас бостандығынан айыру" қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. "Бопсалау" және ҚК 389-бабының 4-бөлігі "Өз бетінше билік ету" бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды қатаңырақ жазамен Сатыбалдыға түпкілікті 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды жартылай қосу арқылы түпкілікті 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді судья Мартпек Қакимжанов.
Айта кетейік, бұл Сатыбалдыға қатысты екінші сот отырысы. 2023 жылы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі екі қылмыстық әрекеті үшін 8 жылға сотталған болатын. Ол кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін тартып алды деп және Қызылорда облысында 441 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Ол кезде Сатыбалды өзін саяси жүйенің құрбаны деп атаған болатын.
Ал күні кеше өткен сот жарыссөзінде Гүлмира Сатыбалды денсаулығының нашарлауына байланысты соңғы сөз айтудан бас тартты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина