Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеуге пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифингте айтқан мәлімет бойынша, Сатыбалдыұлы мен басқа да тұлғаларға бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша айып тағылып отыр.
"Агенттік күдікті Сатыбалда Гүлмираға және басқа да тұлғаларға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі көлемде бопсалау, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық деректері бойынша соталды тергеуді аяқтады. Алматының тергеу соты Сатыбалда Гүлмираға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді Биғайдаров.
Антикор ресми өкілінің айтуынша, қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастырып жатыр, содан кейін оны сотқа жіберу жоспарланған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!