- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гүлмира Сатыбалдыға қатысты...
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басты сот отырысы басталды
Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты кәсіпкерді бопсалау және заңсыз бас бостандығынан айыру туралы іс бойынша сот талқылауы басталды. Процесте төрағалық етуші судья - Мартпек Кәкімжанов.
Сатыбалды Астанадағы мекемеден Алматыға жеткізілді және ол екінші айыпталушымен бірге процеске қатысады. Сондай-ақ, залда жәбірленуші кәсіпкер Жүнісов пен оның екі ағасы бар.
Еске салайық, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды Алматыға жеткізілетіні хабарланды.
Ал оның алдында Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова