Гүлмира Сатыбалды апелляциялық шағым түсірді: сот не шешті?

Апелляциялық сот Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша шешім шығарды. Ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл іс апелляциялық сотта қаралды. Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды. Сот шешімі заңды күшіне енді", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Осылайша, сот үкіміне сәйкес Гүлмира Сатыбалды колонияда 12 жылын өткізеді.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға 2024 жылы тамызда үкім шықты. Ол бопсалау, адамды бас бостандығынан айыру үшін айыпталды. Гүлмира Сатыбалдының мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал 2023 жылы маусымда Қызылорда соты "Бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру" бабы бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға бас бостандығынан айырған еді. Оның алдында Астана соты "Адам ұрлау" (125-бап) және "Өзінше билік ету" (339-бап) баптары бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны жеті жылға соттаған болатын.

Одан кейін Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды бопсалау және кәсіпкерді заңсыз еркіндігінен айыру ісі бойынша сотқа тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!