Алматыда соттың алдын ала тыңдау кезінде Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының қылмыстық істер жөніндегі сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіті. Сотталушы орнында Гүлмира Сатыбалдымен қоса, оның жүргізушісі Мәди Батыршаев та отыр. Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр, ал айыпталушылар Астананың тергеу изоляторында.
Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша айыппен қоса, аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды: Қылмыстық кодекстің 194-бабының 3-бөлігі "Ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасалған қорқытып алушылық". Бұл бап аса ауыр болып есептеледі және ол бойынша айыпталушы алқабилердің қатысуымен сот өткізуді сұрауына құқылы.
"Бұл жағдайда сіздің ұстанымыңызды білуім керек. Істі судья немесе алқабилер қарағанын қалайсыз ба?" деп сұрады судья Гүлмира Сатыбалдыдан.
"Мен сізге сенемін", - деп жауап берді айыпталушы.
Қорғаушы тарап қылмыстық істі қысқартуды сұрады, өйткені адвокаттардың айтуынша, тергеу сотталушының әрекетін "Бопсалау" бабы бойынша заңсыз саралаған. Қорғаушы тарап Сатыбалдының әрекетінде ешқандай пайдакүнемдік мақсат болмаған деп есептейді - ол өз компаниясынан ұрланған қаражатты қайтарғысы келген.
Қорғаушы тарап сотты жабық өткізуді және айыпталушылардың суреттерін пайдалануға тыйым салуды да сұрады.
Еске салайық, осы жылы сәуір айында Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі көлемде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық фактілері бойынша тергеуді аяқтаған болатын.
Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды мен оның қарамағындағыларға тағы бір іс бойынша үкім шыққан. Ол адам ұрлағаны мен озбырлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!